6 қараша күні "Халық радиосының" эфирінде "Айбын" жастар бағдарламасы аясында "Айбын" халықаралық әскери-патриоттық жарысы туралы қыметкеріміз Н.Ж. Құдайберген және тәрбиеленушілерімізбен радиосұхбат өтті.
Эфирдің басты меймандары - "Айбын" халықаралық әскери- патриоттық жарысының қатысушылары, лицейіміздің оқушылары – Оразалы Арман, Бертебаев Нұрхан және Ерғанат Аслан. Н Құдайберген тыңдармандармен жарыс барысы, дайындық кезеңдері мен патриоттық іс-шара мақсаты мен маңызы туралы бөлісті.
Эфир тақырыбы: "Айбын" халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны.
Бағдарлама барысында спикер әскери-патриоттық іс-шаралардың мектеп оқушылары үшін өзектілігі мен мәнін атап өтті және бірқатар сауалдарға жауап берді.
12 қараша күні 7 "А" сынып оқушыларының қатысуымен "Балалар кітапханасы" жобасы аясында "Кітап - сарқылмас рухани қазына" атты экспресс ақпарат өтті. Мектеп кітапханашысы оқушыларды жыл мерейгерлерімен таныстырып, әдебиеттерге библиографиялық шолу өткізді.
Әдебиеттермен таныстыру көркемдік талғамды қалыптастыруға, сөздік қорды молайтуға және оқушылардың білім көкжиегін кеңейтуге ықпал етеді.
4 қазанда КСРО спорт шебері С.Байбусиновты еске алуға арналған 2010-2011 ж. т. ұлдар мен 2012-2013 ж. т. ұлдар арасында самбодан қалалық ашық турнир өтті. Спорттық іс-шараға біздің лицейдің тәрбиеленушілері қатысты. Біздің жас спортшылар жасөспірімдер құрамасының қоржынын толықтырып келесі орындарды иеленді:
Табикен Ерсұлтан 🥇 орын
Белялов Тамирлан 🥉 орын
Тасбулатов Алдияр🥉 орын.
Жаттықтырушы: Тоскарин Н. Б.
#БАҚбізтуралы
Ағымдағы жылдың 1 қазанында " Халық" радиосының тікелей эфирінде “Айбын” хабары тыңдарманға жол тартты.
Әуе толқынында өрбіген
тақырып - «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран». Осы радиосұхбат мейманы -
лицейіміздің тәрбие ісі жөніндегі басшы орынбасары- Аманова Сауле Кайпуллаевна.
Бағдарлама барысында мектепке түсу ережелері, оқыту ерекшеліктері мен отансүйгіштік тәрбие туралы сұхбат өтті.
1 қазан күні Павлодар қаласы Оңтүстік ПБ учаскелік полиция инспекторы Слямов Жанатбек Рүстемұлымен бірге біздің тәрбиеленушілермен құқықтық дәріс өткізілді. Іс-шара барысында полиция қызметкері оқушыларға жаяу жүргіншілерге, скутер иелеріне, велосипедшілерге қатысты жол қозғалысы ережелерін түсіндірді.
ББЗ пайдалану туралы мектептің ішкі жарғысын талдады.
Қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін, ата-аналардың үйден тыс жерде заңды өкілдерсіз 23-00-ден кейін болғаны үшін жауапкершілігін еске салды.
30 мамыр- 1 маусым аралығында 2010-2011 ж.т. жасөспірімдер арасында бокстан ашық қалалық турнир өтті. Біздің лицейдің оқушылары спорттық жарысқа қатысып, келесі нәтижелерді көрсетті: Чернышов Игорь 🥇орын,
Ермек Әмірхан 🥉орын.
Жаттықтырушы: Инсебаев А. Т.