7-9 мамырда Кенжекөл ауылында 2010-2012 ж.т. жасөспірімдер арасында бокстан ашық қалалық турнир өтті.
Біздің лицей құрамасы турнирге қатысып келесі жүлделі орындарға ие болды:
1-орын Нұрлан Исмаил,
1-орын Тохтар Фархад,
1-орын Калиаскаров Дулат,
1-орын Ермек Әмірхан,
2-орын Чернышов Игорь,
2-орын Бисембай Алижан,
3-орын Серік Әлихан.
"Турнирдің үздік боксшысы" номинациясында Нұрлан Исмаил жүлдеге ие болды.
Жаттықтырушы: Инсебаев А.Т.
⚜️⚜️⚜️
7 мамыр күні Астана қаласындағы «Қазақ елі» алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтті. Бұл – халқымыздың ерлік пен елдікке толы тарихын ұлықтайтын, рухты көтеретін айрықша оқиға болды.
Аталған салтанатты шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 4 мыңнан астам әскери қызметкер, 200-ден астам әскери техника, сондай-ақ 66 бірлік ұшақ пен тікұшақ тартылды.
Елдің қорғаныс қабілетін паш еткен мерекелік парадты көруге арнайы шақырылған меймандар қатарында Павлодар облысы Қабанбай батыр атындағы «Жас сарбаз» облыстық мамандандырылған лицей-мектеп-интернатының басшының міндетін атқарушы Жаслан Кожанов, аға тәрбиеші Данияр Тулеутаев және үздік он тәрбиеленушісі болды.
Жас сарбаздар әскери парадты мәртебелі қонақтармен бірге тамашалап, ел армиясының қуатын, заманауи әскери техниканың мүмкіндіктерін, әскерлердің шеберлігін өз көздерімен көріп, ұмытылмас әсер алды.
Осындай отансүйгіштікке баулитын ірі іс-шараларға қатысу – болашақта ел қорғаны болар қайсар да жігерлі жас патриоттарды тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадам екені сөзсіз.
Отан қорғаушылар күні қарсаңында лицейіміздің қызмерткері М.А.Ахметов және 11 сынып оқушысы И.Тогтбай "Ertis" телеарнасының "Ойlike" бағдарламасына қатысты. Эфир мамыр мерекелеріне орайластырылды. Бағдарлама барысында отансүйгіштік, әскери тәртіп пен Жас сарбаз мектебінің оқыту ерекшеліктері туралы сұхбат өтті.
28-29 сәуірде жеңіл атлетикадан оқушылардың қалалық спартакиадасы өтті.
Біздің лицей тәрбиеленушілері келесі нәтижелерді көрсетті:
Қыздар арасында:
Жүгіру 400 м.
Мағамет Аяжан - 🥈 орын.
Жүгіру 800 м. Магамет Аяжан -🥈 орын,
Жүгіру 1500м Волкова Карина 🥈-орын.
Жастар арасында:
800 м жүгіру Камидула Санжар 🥈-орын,
Жүгіру 1500м Шнайдер Андрей 🥈-орын.
Мұғалімі: А.Т. Инсебаев.
14 сәуір күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында орта буын оқушыларына "Буллингтен қорғау" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
сонымен қатар қауіпсіздік сабағының тақырыбы – қиын кезеңдегі достық, қақтығыс жағдайында досына қалай қауіпсіз көмектесу керек. Ал жоғары сынып оқушылары үшін – «Интернет пен әлеуметтік желілерде жеке кеңістікті қорғау» тақырыбы аясында ақпарат берілді.