17 наурыз күні "Біртұтас тәрбие" жоспары бойынша "Наурыз - жыл басы" атты сынып сағаттары өтті. Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің тарихы, ұлттық құндылықтар, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер туралы айтылды.
17 наурыз күні "Біртұтас тәрбие" жоспары бойынша "Наурыз - жыл басы" атты сынып сағаттары өтті. Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің тарихы, ұлттық құндылықтар, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер туралы айтылды.
Көктемнің құлпырған, сұлулық пен әсемдік мерекесімен! Әр күндеріңіз күлкіге, махаббатқа, қамқорлық пен қуанышқа толы болсын.
7 "А":сыныбының мерекелік құттықтауын қабыл алыңыздар!
Акция 2012 жылдан бері аталып өтіледі. Мерекенің ерекшелігі –адамдар бір-біріне құрмет пен сыйластықтың белгісі ретінде сыйлыққа кітап ұсынады, әдеби мұраларға құрмет артады.
🎁"Ұстаз сыйға тартқан кітап" осындай атаумен ағымдағы жылдың 21 ақпанында ұстаздар арасында кітапханаға кітап сыйлау науқаны өтті.Мектеп мұғалімдері жеке кітапханаларынан танымы терең, қызықты әрі өте пайдалы басылымдарды сыйға тартты.
Сыйға тартылған кітаптар — бұл назар мен қамқорлық нышаны, өйткені кітап сыйлаушы оны қуаныш пен пайда әкеледі деген оймен сыйлайды.
Науқанға қатысқан ұстаздар қауымына алғысымызды білдіреміз.
📌Акция 2025 жылғы 14 наурызға дейін жалғасады.
Оқу орнымызда өткен іс-шара жайлы жергілікті Ертіс телеарнасындағы жаңалықтар топтамасындағы репортаж
Ағымдағы жылдың 11-14 ақпанында кикбоксингтен республикалық турнир өтті, оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен 474 қатысушы жиналды. Біздің лицейдің тәрбиеленушісі Үсен Рауан жүлделі 🥈орынға ие болды.
Мұғалім: Инсебаев А. Т.
17 ақпан күні өткізілген сынып сағаттары жол қауіпсіздігі ережелеріне арналды. Тәрбиеленушілеріміз жол белгілері және оның мақсаты, жол ережелерін сақтаудың адам өміріндегі маңызы туралы айтты.
⚜️⚜️⚜️
«Кітапханаға кітап сыйла!» акциясы
Акция 2012 жылдан бері аталып өтіледі. Мерекенің ерекшелігі–адамдар бір-біріне құрмет пен сыйластықтың белгісі ретінде сыйлыққа кітап ұсынады, әдеби мұраларға құрмет артады.
Мектеп кітапханасы қазақ, орыс, ағылшын және басқа да тілдерде түрлі жанрдағы кітаптарды сыйға тартуға шақырады.
📌Акция 2025 жылғы 14 ақпан мен 14 наурыз аралығында өтеді.
«Ақпан – жасампаздық пен жаңашылдық айы» атты «Біртұтас тәрбие» бағдарламасына сәйкес 10 ақпанда өткізілген сынып сағаттарының тақырыптары -
"Буллингтің алдын алу", "Жедел қызмет нөмірлері".
Оқушылар тақырыптар бойынша ойларын ортаға салып,түрлі жағдайлар арқылы буллингтің алдын алу жолдарын қарастырып, жедел қызмет нөмірлерін қайталады.
Бүгін 12 ақпан күні мектеп психологы Омарова А.Ж. және Психикалық Денсаулық Орталығының маманы Глотова Е.А. бірлесіп 11 сынып оқушыларына «Менің өмірімдегі күйзеліс. Оны жеңу жолдары» тақырыбында тренинг ұйымдастырды.